Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Автобус»: түркістандық полицейлер 3 күн ішінде 50-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық жайтын анықтады

Түркістандық полицейлер үш күн ішінде 50-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық полицейлер облыс аумағында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл шара қазан айының 4-і күні басталған болатын.

Аталған іс-шара аясында сарыағаштық полицейлер үш күн ішінде 50-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық жайттарын анықтады. Атап айтсақ оның ішінде ӘҚБтК 571-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 10 азаматқа, 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша бес азаматқа, 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 11 азаматқа, ал 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша 11 азаматқа әкімшілік хаттама толтырды. Бұған қоса бір тұрғынның автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Өз кезегінде полицейлер аудан тұрғындарына жол жүру ержелерін сақтап, жолда мұқият болуды ескертеді. Еске сала кетсек «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы қазан айының 13-не дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру