Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полицейлері нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша студенттермен бейне-дәрістер өткізуде

Алматы қаласының полицейлері нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша студенттермен бейне-дәрістер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында төрт колледж студенттері арасында тақырыптық онлайн-сабақтар өткізілді. Тақырыбы: “Нашақорлықтың алдын алу, есірткі тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері туралы”.

– Білім беру бағдарламасы барысында жастар ішкі істер органдары бөлімдерінің қызмет ерекшеліктерімен жақсы танысуға мүмкіндік алды. Есірткіге тәуелділікпен және есірткі затын заңсыз тасымалдаумен күрес конференцияның негізгі тақырыбына айналды. Нашақорлықтың алдын алу және психоактивті заттарды тұтынудың теріс салдарының адам ағзасына әсері туралы мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткі құралдарының, психоактивті заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі туралы ақпарат берілді, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.

Полицейлер Zoom платформасында кезекті кездесуді Алматы қаласының Алмалы ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 7-12 сынып мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналары үшін өткізді.

– Біз насвай, энергетикалық сусындар, электронды темекі сияқты заттарды қолданудың қаншалықты зиянды екеніне тоқталдық. Сонымен қатар, есірткі зертханасын анықтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау бойынша роликке бейне шолу жүргізілді. Дәріске қатысушылар сабаққа белсенді қатысты. Онлайн-конференциялар мен оқу орындарымен өзара іс-қимыл тұрақты түрде жүргізілетінін атап өткім келеді, – деді Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру