Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Автобус" ЖПІШ: Шымкентте мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте "Автобус" ЖПІШ аясында мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпаннан бастап қала аумағында өтіп жатқан "Автобус" жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында 1242 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, маневр ережесін бұзған – 132, ұялы телефон пайдаланған – 376, техникалық байқаудан өтпеген – 101 тұлғаға хаттама толтырылды. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кеткен – 76, жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 77, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 69, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген – 42 жүргізуші анықталған.

 

Сондай-ақ, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған 13 жүргізушіге хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру