Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да түзеу мекемесінде сотталғандар туыстарымен кездесті

БҚО-да түзеу мекемесінде сотталғандар туыстарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазасын өтеуші адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін сақтау, жұмысын насихаттау, олардың түзеу мекемелеріне деген көзқарасын, ұсыныстарын қарау мақсатыңда ҚР ІІМ ҚАЖК БҚО бойынша ҚАЖ департаменті РУ-170/1 мекемесінде 26 ақпан күні шаруашылық қызмет жасағындағы жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тума-туысқандарымен “Ашық есік күні” іс-шарасы өткізілді. Бұл күн келушілер үшін сотталғандар жазаларын қандай жағдайда өтеп жатқанын көріп, өздеріне маза бермейтін сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Аталмыш іс-шараға мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Калиев және сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психалогиялық тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Аймағамбетова және сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы жөніндегі инспекторы Р.Серікқалиевамен сотталғандардың туыстарына қауіпсіздік бойынша нұсқау өткізіп, жазасын өтеушілердің жағдайларын нақты түсіндіріп өтті. Іс-шараны өткізу барысында келушілер, олардың ішінде жазасын өтеушілердің ата-аналары жеке мәселелері бойынша туындаған сұрақтарына тергеу изоляторының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Калиевтен қанағаттанарлықтай жауап алды.

Іс-шара соңында ашық есік күні өздеріне қымбат жандармен қауышуға үлкен мүмкіндік бергеніне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Жазасын өтеушілер кездесуге келген ата-аналарымен, бірі бауырларымен, туыстарымен көрісті. Келушілер жазасын өтеп жатқан жақындарының тұрмыс-тіршілігі туралы дайындалған стенді, тәрбиелік іс-шаралар жөнінде ілінген фото суреттерді қарап шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру