Автобус жүргізушілерімен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды
Ақтөбе облысында бір түнде автобус жүргізушілерімен жасалған жеті әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 21-23 қазан аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 21 қазанда сағат 05.00-де патрульдік полиция ротасының жасақтарымен «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолының 2-шақырымында жолаушыларды рұқсат құжаттарынсыз тасымалдаған «Мерседес-Бенц» маркалы автобус тоқтатылды.
Осыған байланысты, кінәлі адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-материалдары Әйтеке би аудандық сотына жолданды.
Бұдан басқа, осы күні автобус жүргізушілері жол берген тағы алты әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.