Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобус жүргізушілерімен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды

Ақтөбе облысында бір түнде автобус жүргізушілерімен жасалған жеті әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 21-23 қазан аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Автобус” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 21 қазанда сағат 05.00-де патрульдік полиция ротасының жасақтарымен “Қарабұтақ-Қостанай” тас жолының 2-шақырымында жолаушыларды рұқсат құжаттарынсыз тасымалдаған “Мерседес-Бенц” маркалы автобус тоқтатылды.

Осыған байланысты, кінәлі адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-материалдары Әйтеке би аудандық сотына жолданды.

Бұдан басқа, осы күні автобус жүргізушілері жол берген тағы алты әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру