Автобуста қалтадан телефон ұрлаған жамбылдық жауапқа тартылуда
Жамбылдық полицейлер ұялы телефон ұрлығын ашуды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұялы телефонды ұрлау – мүліктік қылмыстың кең таралған түрлерінің бірі. Адам толы автобустар қалта ұрыларының сүйікті «жұмыс орны» болып табылады.
Мәселен, 27 қарашада полицияға 23 жастағы қыз Тараздың маршруттық автобустарының бірінде күртешесінің қалтасынан ұялы телефонының ұрланғаны туралы арыз берген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараздың 56 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Осыған ұқсас тағы бір ұялы телефонның автобуста ұрланғаны туралы 16 жастағы қыздың анасы хабарлады. Ізін суытпай полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Ұялы телефондар иелеріне қайтарылды.Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкіне немқұрайлы қарамау қажеттігін ескертеді. Қоғамдық көлікке мінген кезде абай болыңыз, өйткені сөмкеге түсу мен қалта ұрлығының негізгі бөлігі автобустарда орын алады.
Бағалы заттарыңызды сенімді жерлерде сақтаңыз, сөмкелеріңізді ашуға немесе бүйірін кесуге болмайтындай етіп көрінетін жерлерде сақтаңыз. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз.