Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық мессенджер арқылы қазақстандықтардың 4,5 миллион теңгесін иемденген

Тараз қаласының тұрғыны мессенджер арқылы қазақстандықтардың 4,5 миллион теңгесін иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаментіне Тараз, Алматы, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларының 17 тұрғыны жүгінген.

Олар өз шағымдарында белгісіз әйелдің қосымшалардың бірі “Байлық секторы” және “777” топтарына оларды қосқанын атап көрсеткен. Ол салынған қаражатты 30-дан 60% – ға дейін арттыруға уәде берген. Топтар қаржы пирамидасы түрінде құрылды: қатысушыларға достары мен таныстарын тартқаны үшін қосымша бонустар беруге уәделескен.

Алғашқыда бірнеше адам пайызбен ақша алып, нәтижесінде бұл топтар үшін қосымша жарнама болды. Сенім білдірген азаматтардан жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеден астам қаражат жинаған әйел телефон нөмірін өзгерткен.

Жамбылдық полицейлердің кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен Тараздың 50 жастағы тұрғынын ұстауға мүмкіндік туды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады.

Полиция департаментінің қызметкерлері осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен тұлғалар болған жағдайда хабарласу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру