Автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік ұсталды
Шымкенттік полицейлер автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет барысында Тәуке хан көшесінің бойында терезесі күңгірттелген Lada маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкенттік полицейлер терезелердің жарық өткізу нормаларынан асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды белсенді жалғастыруда.