Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс ауданында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам 10 күнге қамалды

Ертіс ауданында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам 10 күнге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдеу кезінде Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылжар ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады.

– Құжаттарды тексеру барысында ер адамның бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны, бірақ соған қарамастан көлікті жүргізгені анықталды. Полицейлерге ер адам азық-түлік алу үшін аудан орталығына барғанын түсіндірді. Аталған тәртіп бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөліміне сәйкес әкімшілік іс қозғады. Айта кететін жайт, жыл басынан бері тек Ертіс ауданында ғана жүргізуші куәлігісіз мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін 17 адам жазаланды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Құқықбұзушыға қатысты материал сотта қаралды. Сот ер адамды әкімшілік қамауға алу түрінде 10 тәулік мерзімге әкімшілік жазаға тартты.

Полицияда жылдың басынан бері Павлодар облысы бойынша полиция қызметкерлерімен бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған болғанмен автокөлік жүргізген 58 жүргізушіні жауапқа тартқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру