Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда төленбеген айыппұлдары мен өтелмеген борыштары бар 26 автокөлік анықталды

Атырауда төленбеген айыппұлдары мен өтелмеген борыштары бар 26 автокөлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының аумағында бір апта ішінде патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес төленбеген айыппұлдары мен өтелмеген борыштары бар 26 автокөлікті анықтады. Оның ішінде басым көпшілігі Ресей федерациясында тіркелген көлік құралдары.

Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін “Сергек” аппаратты бағдарламалық кешендеріне түскен.

Мысалы, 24 тамыз күні Береке мөлтек ауданы аумағында патрульдік полиция қызметкерлері 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ресей федерациясында тіркелген Reno Duster автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған көлік иесінің жалпы сомасы 100 мыңнан астам өтелмеген 14 әкімшілік айыппұлы бар екендігі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес айыппұлдары толық көлемінде өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру