Автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды
Автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген автокөліктерді тоқтатып, рейдтік іс-шара жүргізуде. Терезесі күңгірттелген автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.