Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер өскелең ұрпақты мерекелерімен құттықтады

Мақтааралдық полицейлер өскелең ұрпақты мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық балалар күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Осындай мейрам қарсаңында Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жасөспірімдер арасында “Мен бақытты баламын!” тақырыбында онлайн өнер сайысын ұйымдастырды. Аудан көлемінде өткізілген бұл жарыста Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 2-сынып оқушысы Айзере Жұмақан топты жарып шығып, өзін таныта білді.

Тәртіп сақшылары ару қызымызды әрі қарай ынталантыру, ілгерілету мақсатында марапаттап, сыйлықтар табыстады. 

Осы тұста біз де өскелең ұрпақты мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық тілейміз. Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекелерің құтты болсын, балақайлар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру