Петропавлда жедел қызметкерлер дәнекерлеу аппаратының ұрлығын ашты
Петропавлда жедел қызметкерлер дәнекерлеу аппаратының ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласы Полиция басқармасы Бірінші полиция бөліміне қаладағы сауналардың бірінің иесі жүгінді. Ол дәнекерлеу аппаратының жоғалғаны жайлы хабарлады. Дәнекерлеу аппараты соңғы рет қашан пайлаланылғаны жайлы айталмағандықтан, іс қиындай түсті. Оның болжамына қарағанда ұрлық сәуірде орын алған. Шығын көлемі 56 мың теңгені құрады. Бейнебақылау камераларына ұрлық фактісі тіркелмеген. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Жедел қызметкерлер саунада жұмыс істейтіндерді, бірінші кезекте соңғы уақытта жұмыстан шыққандарды тексерді. Олардың ішінде мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған, күзетші болып істеген адам да болды. Тіркелген жері бойынша оны анықтау мүмкін болмады. Онымен бірге оның әйелі, бұрын саунаның әкімшісі болып жұмыс істеген, облыс аудандары бірінің 37 жастағы тұрғыны жұмыстан шығып кеткен. Екеуі ауданнан табылды. Тексеріс кезінде дәнекерлеу аппараты жайлы ер адам ештеңе білмегені анықталды. Оның әйелінің іске қатысы бары анықталды.
– Күдіктінің айтуынша, ұзақ уақыт бойы тұрған дәнекерлеу аппараттының иесі жоқ шығар деп санаған, – деді Бірінші полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Қанат Орынбасаров. – Бірақ қауіпсіздік шараларын сақтаған – бейнекамераларға түсетін жерлер мен түспейтін жерлерді жақсы білгенін өзі мойындады. Келесі күні ол дәнекерлеу аппаратын қолдан 10 мың теңгеге сатып жіберген. Қазіргі уақытта ұрланған мүлікті қайтару шаралары қабылдануда. Барлық кәсіпкерлерден бейнебақылау жүйесін аймақты түгел жазатындай етіп реттеп, жұмыс процесі мен мүлікті сақтау тәртібін тияқты ұйымдастыруды сұраймыз.