Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 18 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әйелді құжаттандырды

Түркістандық полицейлер 18 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әйелді құжаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданы полиция бөлімінің көші қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрман Шыңғысбаев аудан ішіндегі 16-18 жас аралығында отбасылық жағдайына байланысты ҚР-ның жеке куәлігімен құжаттанбаған және құжатсыз жүрген азаматтарды құжаттандыру мақсатында акция өткізген болатын. Акция өткізу барысында көші-қондық тәртіп сақшылар ауылдар мен көшелерді аралап, құжатсыз қалып қойған азаматтардың бар-жоқтығын тексеріп шықты.

Аталған акция кезінде Түлкібас ауданына қарасты Бақытбек ауылының 36 жастағы тұрғыны Ольга Тютюнникова төлқұжатсыз жүргені жөнінде көші-қон қызметкерлеріне келіп өтініш қалдырды. Содан көші-қон полицейлері азаматтың құжаттарын мұрағаттан алып, мәліметтер жинақтады.

Нәтижесінде, полиция қызметкерлері Ольганың құжаттарын тез арада рәсімдеді. Сөйтіп, аз ғана уакыттың ішінде тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын жасап берді. Жаңа төлқұжат алғанына қуанған Ольга көші-қон полицейлеріне ыстық ықыласын білдірді.

– Отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат алуға мүмкіндігім болмады. Қазіргі жағдайда Қазақстанның азаматы екенімді растайтын төлқұжат алғаныма қуанып отырмын. Көші-қон полицейлеріне үлкен алғысымды айтқым келеді, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру