Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жалған полицей ұсталды

Шымкентте жалған полицей ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоғарғы базар маңында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел қызметкерлерінің назарын формадағы жас жігіт аударған. Олар күдіктіні тексеру барысында одан Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы учаскелік инспекторының жалған қызметтік куәлігін тәркілеген. Сондай-ақ, тергеу барысында ер адамның форманы қаладағы дүкендердің бірінен алғаны анықталды. Ол Шымкентке екі күн бұрын келген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының тергеушілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 390-бабы (Билік өкілі атағын өз бетінше беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Полицейлер ер адамның тәртіп сақшысының формасын қандай мақсатта кигенін анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру