Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД: “Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпаңыздар”

Түркістан облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауды сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында ауа райы нашарлап, жауын шашын толассыз жауып жатыр. Жауынның салдарынан бірқатар аудандардың су алған көшелері тазартылды. Алайда бүгіннен бастап күн қайта суытып, таулы аймақтарға қар түсуде. Соның салдарынан Алматы – Ташкент – Термес тас жолында және Тараз бағытына қарай жалғасқан жол беті мұз болып, көк тайғақ болуда.

Сондықтан ауа райының қолайсыздығынан болып жатқан жағдайды ескерген Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов тәртіп сақшыларына облыстағы барша жолдарды патрульдеуге тапсырма берді.

– Жол көлік оқиғасын болдырмау, жол апатының алдын алу мен жүргізушілерге алдын ала ескерту мақсатында жолдарды патрульдеуді жалғастырыңдар. Ертең, яғни 19-29 наурызға дейін күшейтілген режимде қызмет атқарамыз. Қоғамдық қауіпсіздіктің толық сақталып, тұрғындардың тыныш ұйқысы үшін қызметімізді жауапкершілікпен атқарайық, – деп облыс полицейлеріне тапсырмаларын берді Түркістан облысының ПД бастығы.

Сонымен қатар, облыс полицейлері облыс тұрғындарына және көлік жүргізушілеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауды, көліктің өз қауіпсіздігіңіз үшін мерзімге сай жабдықтауды және әрқашан жол қозғалысы ережесін сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру