Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Пробация” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Ақмола облысында “Пробация” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ жедел жоспары аясында Ақмола облысында ҚАЖД пробация қызметі мен полиция бөлімшелерінің есебіндегі сотталғандардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 14-23 наурыз аралығында “Пробация” республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізуде.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті базасында “Пробация” республикалық профилактикалық іс-шарасы мен “Көмек” облыстық іс-шарасын өткізу бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.  

Кеңейтілген отырысқа Ақмола облысының халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшылығы, ПД Криминалдық полиция басқармасының басшылығы қатысты. Бұдан басқа ZOOM арқылы болған жұмыс кездесуіне Ақмола облысы бойынша аумақтық пробация бөлімдерінің қызметкерлері мен Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері қатысты.

Жұмыс барысында облыс қызметтері мен ведомстволарының өзара іс-қимыл жасау, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге қатысты заңнамадағы өзгерістер, дәлірек айтқанда пробациялық бақылаудағы есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмекке қатысты ҚР ІІО-ға жүктелген кейбір жекелеген функцияларды қайта бөлу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру