Автокөлікті сату мен қайта тіркеуді ІІМ Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларында рәсімдеуге болады
Автокөлікті сату мен қайта тіркеуді ІІМ Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларында рәсімдеуге болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысы саласын цифрландыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударады.
Көлік құралдарын тіркеу (жыл сайын 2,5 миллион) және жүргізуші куәлігін алу (жыл сайын 1 миллион) халық арасында ең танымал қызметтер.
Бүгінгі таңда ІІМ қаржы институттарымен бірлесіп ең танымал мемлекеттік қызметтердің бірі – автокөлікті сату және қайта тіркеу Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларына шығарылды. Бүгінгі күні елдегі барлық қайта тіркеулердің төрттен бір бөлігі осы банктік қосымшалар арқылы өтеді (күн сайын 2,7 мыңнан астам).
ІІМ бұл қызметті тағы екі қаржы ұйымының (Еуразиялық банк және Фридом финанс) мобильдік қосымшасына шығарады. Бұл қызмет сондай-ақ 102 мобильдік қосымшада іске асырылатын болады.
Айта кетейік, Halyk Homebank мобильді қосымшасында автокөлікті онлайн қайта құру бойынша сервис бүгін ел Парламентіндегі Үкімет сағатында таныстырылды.
Енді сатушылар мен сатып алушыларға автокөлікті сату/сатып алу кезінде мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ – барлық рәсім банктік қосымшада онлайн қолжетімді.
Жаңа қызметті пайдалана отырып, автомобильді сатушы мен сатып алушы Halyk Homebank қосымшасында сатуға/сатып алуға, айыппұлдар мен салықтарды төлеуге, автокөлікті қайта рәсімдеу бойынша барлық қажетті құжаттарға қол қоюға, мәмілені растайтын құжаттарды алуға, сондай-ақ жаңа нөмірді алуға немесе автомобильдің бұрынғы мемлекеттік нөмірін сақтауға болады.
Сондай-ақ, қосымшада ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу, құжаттандыру қызметтерін төлеу (төлқұжат/жеке куәлікті алу/ауыстыру) және басқа да көптеген функциялар бар.