Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Автомобиль» іс-шарасы: Шымкентте 14 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 14 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында 12 қазаннан бастап «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – қала аумағында көлік құралдарын жүргізушілердің, оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін арттыру мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету, әсіресе мемлекеттік белгілері шетелдік көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Жедел-профилактикалық іс-шараның 20 күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 13 972 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілермен жасалған 833 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 90 автокөлік айыптұраққа қойылған.

Атап айтқанда, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 65 (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі), техникалық байқаудан өтпеген – 55 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 7 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту – 61 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды. Сондай-ақ, қозғалыста жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 5 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпау – 63 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), авариялық жағдай туындатқан – 3 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын мас күйде басқарған – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), тиісті құжатсыз басқарған – 34 (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1 және 2-бөлігі), жол бетін ластаған – 117 (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі) жүргізуші анықталған. Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша 335 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кету керек, іс-шара 10 қарашаға дейін жалғасын табады. Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру