Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тұрғыннан заңсыз сақталған оқ-дәрілер тәркіленді

Павлодар облысында тұрғыннан заңсыз сақталған оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан рейдтік іс-шаралар барысында Тереңкөл ауданы ауылдарының бірінде тұрғыннан заңсыз сақталған оқ-дәрілер, атап айтқанда тегіс ұңғылы атыс қаруының патрондары табылды.

Патрондар алынып, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Айта кету керек, жылдың басынан бері павлодарлық полицейлермен адамдардың қаруды заңсыз сатып алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені және тасымалдағаны үшін 97 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру