Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін ІІМ қоғаммен және ҮЕҰ-мен өзара қарым-қатынас орнатты
Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін ІІМ қоғаммен және ҮЕҰ-мен өзара қарым-қатынас орнатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз өзара қарым-қатынас жолға қойылған.
Мысалы, "Қантар" құқықтық қолдау орталығымен және "Ел намысы" арнайы мониторингтік топ мүшелерімен полиция қызметкерлерінің рұқсат етілмеген әдістерді қолдануы туралы барлық сигналдарды, оның ішінде ұрып-соғу және азаптау туралы хабарламаларды мұқият және бейтарап зерделеу жүргізілуде.