Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азия чемпионаты: ұландық жауынгер қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды

27-30 қазан күндері Түркістан қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлттық құраманың және ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Тілек Тоқтасынұлы қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша, ол ел намысын абыроймен қорғап, Ұлттық ұланның мерейін асқақтатты.

Чемпионат "Olympic Center" спорт кешенінде өтіп, оған 12 елден келген 150-ге жуық балуан қатысты. Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония және басқа да мемлекеттердің спортшылары қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – "Qazaq Kuresi" Ассоциациясы және Түркістан облысы әкімдігі. Түркістан өңірі бүгінгі таңда "Túrán Barysy", әлем кубогы және Азия кубогы сияқты ірі халықаралық турнирлер өтетін орталыққа айналды.

Сонымен қатар Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде Ұлттық ұланның самбодан чемпионаты да өтті. Айта кетсек, өңірде қазақ күресімен үш мыңнан астам спортшы шұғылданады. 140-тан астам бапкер жұмыс істейтін 30 спорт ұйымы бар.

Елорда әуежайында чемпионаттан оралған жеңімпазды ата-анасы, жақындары, жанкүйерлері, әріптестері және қызметтестері салтанатты түрде қарсы алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру