Бағдаршамның қызыл түсіне өткен павлодарлық жүргізуші жазаланды
Бағдаршамның қызыл түсіне өткен павлодарлық жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл Павлодар облысының 1779 тұрғыны бағдаршамның "талаптарына бағынбай" ережелерді бұзды.
- Бірнеше күн бұрын патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Павлодардағы Н.Назарбаев даңғылымен келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның қызыл түсіне өткенін анықтады, - деді Павлодар қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Аталған құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары осы баптың нормаларына сәйкес, бағдаршамның тыйым салу белгісіне жүру он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.