Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткі қойып кетуші әйел 10 жылға сотталды

Ақмола облысында есірткі қойып кетуші әйел 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылғы 22 қыркүйекте Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үстіміздегі жылдың 25 наурызында Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетау қаласында психотроптық заттарды салуды жүзеге асыру кезінде ұстаған Астана қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі 5-тармағы бойынша (Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау) бойынша сараланды.

Ұстау кезінде қыз жүктіліктің соңғы кезеңінде болды. Ұсталған адам жедел қызметкерлерге ішіне есірткі салынған екі орынды көрсетті. Жедел тергеу тобы қызметкерлері жалпы салмағы 64 грамм болатын a-PvP психотроптық заты бар 80 орама тауып, тәркіледі. Жалдамалы пәтерді тінту барысында 400 грамнан астам ұқсас психотроптық зат, сондай-ақ есірткіні буып-түюге арналған құрылғылар алынды.

Сот отырысы барысында сотталушы жасаған ісінің кінәсін толық мойындап, өкінді. Қылмыстық істі қарау кезінде баланың туылғанына дейін жазаны кейінге қалдыруды сұрады. Айыпталушының кінәсі Ақмола облысының полицейлері жинаған басқа да дәлелдермен расталды. Сонымен қатар сот қорғаушы тарапқа сотталушыға қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдырудан бас тартты. Мұны сотталушының өз жүктілігін пайдалана отырып, халықтың денсаулығы қарсы қасақана аса ауыр қылмыс жасады деп түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру