Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда құрылыс нысанындағы түнгі шуға байланысты полиция шара қолданды

Көкшетаудағы Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары құрылыс нысанында түнгі уақытта жүргізілген шулы жұмыстарға байланысты полицияға жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өтінішті Сарыарқа шағын ауданы, 9/13 үйінің тұрғындары берген. Олардың айтуынша, жақын маңдағы құрылыс алаңында кешкі уақытта ауыр техника жұмыс істеп, жүк көліктері қозғалған. Сонымен қатар көліктердің дыбыстық сигналдары мен құрылыс жұмыстарының қатты дыбысы тұрғындардың тынығуына кедергі келтірген. Әсіресе кішкентай балалары бар отбасыларға қолайсыздық туындаған.

Аталған өтініш бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, түнгі уақытта тыныштықты бұзу дерегін анықтады.

Осыған байланысты құрылыс жұмыстарына жауапты тұлғаға қатысты заң аясында шара қолданылды.

Құрылыс және өзге де шулы жұмыстар азаматтардың тыныштығын бұзбай, заңнамада белгіленген уақыт аралығында жүргізілуі тиіс.

Полиция құрылыс ұйымдарын, кәсіпкерлерді және тұрғындарды тыныштық режимін сақтауға, ал шулы жұмыстарды оларды жүргізуге рұқсат етілген уақытқа жоспарлауға шақырады.

Белгіленген талаптарды сақтау тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге, жанжалды жағдайлардың алдын алуға және әкімшілік жауапкершілікке жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру