Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бәйдібек полицейлері ұйықтап жатқан отбасының телефондарын қолды еткен күдіктіні ұстады

Бәйдібек полицейлері ұйықтап жатқан отбасының телефондарын қолды еткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Әйел өз арызында түнде ұйықтар алдында жаздық асханасына қуаттағышқа қойып қойған Samsung және тұрғын-үйдің ауласында тұрған Redmi 9А маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреу туралы хабарлама түсірген. Жәбірленуші әйелге келтірілген шығын көлемі 150 000 теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында бәйдібектік қырағы полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде үйінде адамдардың бар екеніне қарамастан заңсыз кіріп, ұялы телефондарды жымқырған күдікті анықталып, ұсталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы, бұрын сотталған жас жігіт болып шықты.

Белгілі болғандай, түнгі уақытта ішімдік ішкен ер адам, ауылдасының ауласына заңсыз кірген. Үй ішіндегі адамдардың ұйықтап жатқанын пайдаланып, емін-еркін кіріп, ұялы телефонға көзі түсіп, өзімен алып шыққан. Онымен қоймай, аулада тапшан үстінде отбасы мүшелерінің бірінің жанында жатқан телефонды көріп, оны да байқатпай алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Үйден шыққан бойда ұялы телефондарды жасырып қойған. Жан-жақты іздестіру жұмыстары арқасында полицейлер бір тәулікте күдіктінің «ізін суытпай» ұстап, одан ұрланған ұялы телефондарды айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Содан заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру