Бәйдібекте малдарын жайылымға қараусыз жіберген бес тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды
Бәйдібекте малдарын жайылымға қараусыз жіберген бес тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулердің қараусыз жүрген ірі қара малдары оның егістік алқабын таптап кеткен.
Хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, мал иелерін іздестіруге шықты. Олар егістік алқапты мұқият қарап, мал иелерімен әңгімелесулер жүргізді. Нәтижесінде, бақташысыз жүрген малдардың бес бірдей иесі анықталды.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары екі тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабы (Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау) бойынша, сондай-ақ үш тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сонымен қатар, полицейлер алдағы уақытта осындай жайттарды болдырмау және алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни, малдарды қараусыз жібермей, бақташы жалдау керектігі, сонымен қатар үш жақты келісім шарт болуын да ескерте кетті.