Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда полицейлер пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Байқоңырда полицейлер пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ Өкілдігіне 52 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, пәтерін белгісіз біреулер тонап кеткенін айтқан.

Тексеру барысында ұрылар пәтерге кілттерді іріктеу арқылы кіріп, қымбат ноутбугін, 1 500 ресейлік рубль ақшасын қолды қылғаны белгілі болды. Жалпы келтіріген материалдық шығын 870 мың теңге.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшыларымен қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақай ауылдық округінің 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру