Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаларға көмектесті

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторы Асқар Егембердиев пен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Перизат Маймақова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, зардап шеккен әйелдерге құқықтық көмек берді. Сондай-ақ “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған заңға сәйкес жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Азамат ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылып, онымен 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру