Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар озат оқып, үлгілі болуы үшін полицейлер көмек көрсетті

Түркістан облысында ауыл балалары озат оқып, үлгілі болуы үшін полицейлер тарапынан көмек көрсетілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өз қаражаттарын жинап,
қайырымдылық шарасын өткізді. Аталмыш шара Түлкібас ауданындағы Құлан
ауылында орналасқан А.Гайдар атындағы білім ошағында мектеп ұжымымен бірге ашық сабақ ретінде ұйымдастырылды. Осылайша арнайы шара барысында полицейлердің тарапынан қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне ең қажетті азық-түліктер мен ұл-қыздарына арналған спорттық киімдер табысталды.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қайырымдылық жасау кез-келген адамның парызы. Сондықтан бізде өз парызымызды орындап, бұл заттардың барлығын игіліктеріңізге жаратып, балалардың қуанышы үшін және мектепте алаңдамай, үлгілі озат болып оқуы үшін біздің тарапымыздан кішігірім болса да көмек деп біліңіздер. Мұндай іс-шара дәстүрлі түрде
өткізіліп тұрады және бұдан әрі де мерекелер қарсаңында жалғасын таба бермек» деді.
Азық-түлікке қол жеткізген Құлан ауылының 10 шақты тұрғыны полицейлердің табыстаған сыйларын алғаннан соң, ортаға шығып полицейлерге деген өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ ыстық ықыластарын жеткізді. Ашық сабаққа отбасы мүшелерімен келіп қуанышқа бөленген аналар осылайша қуанышпен тарқасты.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру