Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі: СҚО-да полиция профилактикалық жұмысты күшейтті

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі. СҚО-да полиция жұмысты күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Көлікте бала бар!» — мұндай жапсырмаларды полицейлер Петропавл балабақшаларының бірінің жүргізушілеріне «Есте сақта және ойлан» ұранымен акция барысында таратты. Акция 19 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күніне орайластырылған жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ жүргізушілерге 12 жасқа толмаған жолаушыларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғысын пайдалану міндетті екені айтылды. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін нығайту – жүргізіліп жатқан профилактиканың негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта тәртіп сақшылары қараңғыда киюге арналған шағылыстыратын элементтерді таратты.

– Жыл басынан бері СҚО аумағында 109 жол апаты тіркелді. 3 адам қаза тауып, 132 кәмелетке толмаған жараланды. Жағдайлардың жартысына жуығында олар жолаушылар болды. Демек жүргізушілермен күшейтілген жұмыс қажет. Сонымен қатар басқа да ақпараттық-насихаттық іс-шаралар жоспарлануда. Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының соңында полиция қызметкерлері донорлық қан тапсыру бойынша акция өткізеді, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру