Баланы бейсауат жүргізген ата-ана жауапқа тартылады
Павлодар облысының аумағында полиция үйден тыс жерде бейсауат жүрген 169 баланы анықтады, олардың бәрі кәмелетке толмағандар, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған алдын алу шараларының нәтижесінде 2020 жылдың басынан облыс аумағында полиция қызметкерлері түнгі мезгілде ата-ананың немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 664 баланы анықтады. Кәмелетке толмаған 169 бала төтенше жағдай кезінде ұсталды. Барлығының ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды.
Карантин кезінде Павлодар облысының барлық аумағында 65 жастан асқан адамдар мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еріп жүруінсіз тұрғын үйден шығуына тыйым салынды. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерге (саябақтар, скверлер, жағалаулар, алаңдар, спорт, аула, балалар және ойын алаңдары) баруға тыйым салынады.
Қазіргі уақытта полицейлер азаматтардың қозғалысын шектеумен карантин жарияланған елді мекендерді патрульдеу жұмыстарын күшейтіп, көшелер мен аулаларда рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Құқықтық тәртіп сақшылары облыс тұрғындарымен өзін-өзі басқару ережесін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына, жауапты болуға, өзін және басқаларды тәуекелге тартпауға, сондай-ақ төтенше жағдайдың жариялануына байланысты төтенше жағдай режимін бұзу немесе талаптарды орындамау 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Бүгінгі күні облыс тұрғындары ҚР ӘҚБК 476-бабын бұзудың 184 фактісіне жол берген.