Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

465 тәртіп бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

15 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 465 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 439 бұзушылық, оның ішінде 92 адам қамауға алынды, 146 айыппұл салынды, 152 ескерту жасалды, 40 материал сотқа жіберілді.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 26 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 25 анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 8 айыппұл салынды және 13 ескертілді.

Мысалы, Ойыл ауданының 36-жастағы тұрғынына, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды, ол Аманкелді ауылынан шығып, Ойыл ауданының Көптоғай елді мекенінен блокпост айналып өтіп, аудан орталығына келген. Әкімшілік сот ауыл тұрғынын 2 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру