Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бала мен әкесін қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Жол бойында бала мен әкесін қағып кеткен жүргізуші Алматыда қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері осы жол оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккен жүргіншілердің қаншалықты жарақат алғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жұмыстары белгіленген.

Бұл жерде айта кететін нәрсе – жүргізуші көлік тізгініне мастықпен отырған. Сол үшін де ол 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, куәлігінен қағылды.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру