Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болды

Таразда тергеу изоляторы қызметкерлері танысына тыйым салынған затты кіргізбек болған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1989 жылы туған ер адам сәлем-сауқат арқылы дәретхана қағазына оралған екі пакетті өзінің танысына бермек болған. Бұл сәтті ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері қалт жіберген жоқ.

Тәркілеу барысында дәретхана қағазына оралған екі пакеттің бірінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тәрізді зат пен ақ түсті 20 таблетка табылса, екінші пакеттен де ерекше иісі бар өсімдік шөбі табылды.

Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы және Тараз қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері шақыртылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру