Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Баласын қаңғыртып, екі аптаға «жоғалып» кеткен әйел есепке алынды

Павлодар облысында баласын қаңғыртып, екі аптаға «жоғалып» кеткен әйел есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Павлодар облысы Успен ауданының полицейлері ата-анасы кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамау  фактісін  анықтады.

– Біз Қоңырөзек ауылының тұрғыны 15 жасар баласын үйде қалдырып, өзі Успен ауылына кетіп, ол жерде таныстарымен бірге спирттік ішімдіктер ішкенін анықтадық. Анасы екі апта болмаған, осы уақыт ішінде оның баласы қаңғып жүрген. Аталған фактіні учаскелік инспектор анықтады, – деді АПБ-ның бірінші орынбасары Әсет Садықов,

Сондай-ақ полицейлер ол әйелді тауып, оны ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқанын  атап өтті. Енді бұл отбасы қолайсыз ретінде профилактикалық есепке қойылды.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс полицейлері 257 адамды жауапкершілікке тартты. Ішкі істер органдарына есепке «қолайсыз» санаты бойынша 188 отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру