Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері тұрғындарға суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын түсіндірді

Түркістан полицейлері суға түсу маусымында тұрғындарға сақтық шараларын түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданында күшейтілген режимде Отырар АПБ жеке құрамының қатысуымен “Қауіпсіз аудан” жедел-профилактикалық шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – суға түсу маусымының басталғанына байланысты жасөспірімдердің өміріне қатер төндіретін сәтсіз оқиғалардың алдын алу. Іс-шара кезінде полицейлер тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті қалай жасау керектігін түсіндіріп, белгіленбеген аумақтарға суға түспеулерін ерекше назарда ұстауда.

Үш күндік рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Отырар АПБ-нің полиция қызметкерлері ауданнан ағып өтетін Сырдария, Арыс өзендері және Шәуілдір ауылы орталығындағы канал бойында жалпы 104 құқық бұзушылықты анықтады.

Аталған жайттарға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар тыйым салынған аймақтарға суға түсуге болмайтындығы туралы жазылған тақтайшалар орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру