Балқаш ауданында пробация бақылауындағы азамат жеке кәсіппен айналысуда
Балқаш ауданында пробация бақылауындағы азамат жеке кәсіппен айналысып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балқаш аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Айдос Кемелов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқыту қурсынан өтіп, сертификат алған болатын. Жетісу облысы Көксу аудандық сотымен үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Айбек мемлекеттен грант алу байқауына қатысып, қайтарымсыз 1 380 000 теңге қаражат ұтып алды.
Қазіргі таңда А.Кемелов Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылынан ет өнімдерін сататын дүкен ашып, жеке кәсіпкер ретінде танылып отыр. Балқаш аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған ол өзіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, көмек беріліп жатқанына ризашылығын білдірді.