Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімшесі полицейлерінің кәсіби және жедел іс-қимылының арқасында 17 жастағы жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйек күні “102” жедел арнасына 17 жасар ұлын іздеп көмек сұраған жасөспірімнің анасынан қоңырау түсті. Жасөспірім кешкі сағат 20:00 шамасында үйден кетіп, қайтып оралмаған.

Анасы кәмелет жасқа толмаған ұлының еш нәрсе түсіндірусіз үйден шығып, қайтып оралмағанын айтты. Кәмелетке толмаған жасөспірімді қай жерде екенін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды. Жастар жиналатын орындар, қараусыз қалған жеке үйлер, ғимараттар, жертөлелер, шатырлар тексерілді.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім полиция қызметкерлері, яғни Үлбі полиция бөлімшесінің ЖПҚБ бастығының орынбасары Еркебұлан Биболов пен Үлбі полиция бөлімшесінің ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Дулат Атчибаевпен танысының үйінен табылды. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің айтуынша, анасына қоңырау шалғысы келген бірақ оның ұялы телефоны сынып қалған, ал анасының ұялы телефонының нөмірін жатқа білмеген. Ол аман-есен үйіне жеткізілді, – деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Табылған жасөспірімнің анасы ұлын іздеуде көрсеткен көмектері үшін Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру