Абай облысында полицейлер дронның көмегімен қарияны іздеп тапты
Абай облысында полицейлер дронның көмегімен 68 жастағы әйелді іздеп тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"102" арнасына жас жігіттен 68 жастағы туысының жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Оның айтуынша, отбасы зиратқа шамамен сағат 15:00-де келген, содан кейін тәтесі жоғалып кеткен. Екі сағат бойы өз бетінше іздеу нәтиже бермеген.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Зират аумағын тексеру үшін дрон көтеріліп, қызметкерлер жергілікті аумақты әуеден шолып шықты. Алайда зират аумағынан әйел табылмаған.
Кейінгі жедел іс-шаралар барысында полицейлер әйелдің жолай өткен көлікпен қалаға кетіп қалғанын анықтады. Қызметкерлер ұялы телефон деректерін талдау арқылы оның нақты орналасқан жерін анықтады. Әйел табылды. Оның жағдайы жақсы.
Полиция еске салады: адам жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.
