Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция 10 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Полицейлер 10 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Сайрам ауданының 10 мыңға жуық тұрғыны бар бірнеше ауылға профилактикалық іс-шара өткізді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдарын түсіндіріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтер мен банк картасы деректерін бөгде адамдарға бермеу жөнінде кеңес берді.

Шара барысында 2 мыңға жуық ақпараттық жадынамалар таратылып, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру