Балқаш полицейлері ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі
Балқаш полицейлері ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі заттарының алдын алу, есірткі арналарын жабу, ғасыр дертіне айналған есірткіні тасымалдап сатушыларды анықтау мақсатында Қарағанды облысының полицейлері үнемі жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп тұрады.
Мәселен, Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөлімінің есірткіге қарсы іс-қимыл бөліміне қала тұрғынының бірінде ірі көлемде синтетикалық есірткі затының сақталып тұрғаны туралы жедел ақпарат түсті.
Жүргізілген кешенді жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен ешқайда жұмыс істемейтін 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұрын ол полиция қызметкерлерінің назарына ілікпеген. Ұсталған азаматтың тұрғылықты жеріне полиция қызметкерлерімен жүргізілген тінту жұмыстары барысында полимерлік пакетке оралған ұнтақ заттар тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған ұнтақ заттар жалпы салмағы 267 грамм синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды.
Ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен қылмыс бойынша жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Полиция қызмектерлері есірткі заттарын заңсыз жарнамалау, жазбалар қалдыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Бұндай құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал есірткі жасыру Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабына сәйкес есірткі сатумен теңестіріліп, бұндай құық бұзушылық үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.