Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көліктерге ұрлыққа түскен үшеу ұсталды

Қарағандыда көліктерге ұрлыққа түскен үшеу ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қараша күні Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөліміне Қарағайлы ауылы тұрғындарынан белгісіз біреулер ұрлық жасағаны туралы арыздар түсе бастады.

Жәбірленушілер белгісіз адамдар түнгілік уақытта ауласында тұрған автокөліктерінің есігін бұзып, ішінен құрал-жабдықтар ұрлағанын көрсеткен.

Мәселен, бір өтініште жәбірленуші белгісіз біреулер көлігінен автомагнитолла, қосымша дөңгелек, кілт-саймандар, көлік көтеру құралын ұрлағанын көрсетсе, екіншісі дауыс ұлғайтқыш құралын, ал үшіншісінен аккумулятор ұрлағанын айтқан. Ұрылар әр жәбірленушіге 30 мыңнан 40 мың аралығында шығын келтірген.

Полицияға барлығы бес адамнан арыз түскен.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағайлы кентіне жедел-тергеу тобы жіберілді. Күдіктілердің осындай іске қайта келуі мүмкін деген ниетпен, полиция қызметкерлері олардың келуі мүмкін жерлерге қадағалау жүргізді.

17 қараша күні түнгілік уақытта полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында тағыда автокөліктен қылмыс жасамақшы болып жатқан топ назарға ілінді. Полиция қызметкерлері қылмыс үстінде 14 пен 17 жастағы екі жасөсіпірімді және 25 жастағы азаматты ұстады.

Олар жасалған барлық қылмыстар бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру