Балқашта бөгде адамдардың атынан несие алған алаяқ ұсталды
Балқашта бөгде адамдардың атынан несие алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 наурызда Балқаш қаласының полиция бөліміне 62 жастағы қала тұрғыны хабарласып, үш микрокредиттік ұйымның бірден оған 100 мың теңгеге несие рәсімдегені түсіндірді. Ұсынылған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
12 мамырда жедел-профилактикалық алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері күдікті 49 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адамның осыған ұқсас екінші қылмысқа қатысы бары анықталды. Екінші әйелге де 100 мың теңге сомасында несие рәсімдегені белгілі болды.