Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер “Тіркелмеген атыс қаруын сатып алу” акциясы барысында 4 қару алды

Ордабасылық полицейлер “Тіркелмеген атыс қаруын сатып алу” акциясы барысында төрт қару алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап Түркістан облысының полицейлері ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес, республика көлемінде “Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу” бойынша акция өткізуде. Осы бағытта Түркістан облысы ПД бастығының нұсқауымен облыс көлемінде де қарқынды жұмыстар атқарылуда. Тұрғындарға өз еркімен тіркелмеген қаруларды өткізіп, сыйақы алуға болатындығы жіті түсіндірілген болатын. Мәселен Ордабасы ауданының төрт тұрғыны екі ұңғылы 16 калибрлі бес дана заңсыз сақталған аңшы қаруларын өткізді.

Қазіргі уақытта мылтықтарға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қарудың техникалық жай-күйіне байланысты комиссия отырысы барысында азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданды.

Ордабасылық полицейлер аудан тұрғындарын акция барысында заңсыз сақтаудағы қару жарақ пен оқ дәрілерді ақшалай өтемақыға тапсыруға шақырады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сондықтан, тұрғындар заңсыз сақтап жүрген ата, әкеңізден қалған, тауып алған тіркелмеген қаруларыңыз болса, тиісті органға тапсырыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру