Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта ер адам анасының алтын алқасын ұрлап, ломбардқа өткізген

Балқашта ер адам анасының алтын алқасын ұрлап, ломбардқа өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілдеде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 68 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол үйіндегі оңаша жерде тұрған алтын алқасының белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтты. Шығын сомасы 400 мың теңгені құрады.

Полицейлер күдіктіні 35 жастағы жәбірленушінің ұлын анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Анасының алтын алқасын ұрлап, ломбардқа өткізгенін және оның ақшасын керегіне жаратқанын түсіндірді. ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сол күні сол полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. 12 шілдеде Балқашқа демалуға келген 51 жастағы Көкшетау тұрғыны түнгі уақытта көлде шомылмақшы болған. Ол жағажайдан өзіне қолайлы орын тауып, көлге жүзуге кеткен. Келген кезде, затттары салынған сөмкесінің жоғын байқаған. Шығын сомасы 65 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша полицияда 188-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстың анық белгісі болмағанына және қылмыстың куәгерлерінің жоқтығына қарамастан, тәртіп сақшылары қаскөйді анықтап, тапты. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру