Балқашта полиция қызметкерлері тұрғыннан 86 орам психотроптық зат тәркіледі
Балқашта полиция қызметкерлері тұрғыннан 86 орам психотроптық зат тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балқаш қалалық полиция бөлімі есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 34 жастағы азаматты ұстады. Жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында азаматтан 12 орам ұнтақ тәрізді ерекше иісті зат тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің көрсетуімен Балқаш қаласының шетінен скотчпен оралған 30 орам ұнтақ тәрізді зат табылып, тұрғын үйінен полиция қызметкерлері 44 бума зат тәркіледі.
– Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда болған заттар жалпы салмағы 61,22 грамм психотроптық зат екені белгілі болды. Ұсталған азамат психотроптық заттарды жасыру арқылы сатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.