Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған

Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 жастағы оқушы үш ойын автоматындағы монета қабылдағыштарын ашып, 44, 30 және 40 мың теңге ұрлаған. Жалпы залал сомасы 115 мың теңгені құрады.

Сот оны ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танып, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жасөспірімді мәжбүрлі түрде қиын жасөспірімдер ұсталатын ерекше режимдегі интернатқа орналастырды.

– Бұл жерде күн тәртібі қарапайым мектептегі сияқты, тек балаларды үнемі бейне бақылау камералары мен интернат қызметкерлері бақылап отырады. Интернатта 11-18 жас аралығындағы балалар ұсталады. Бұл балалар республиканың түкпір-түкпірінен келген. Олардың бас бостандығын шектеу мерзімі – алты айдан екі жылға дейін. Негізінен балалар мұнда ұрлық пен тонау сияқты қылмыстар жасағаны үшін келеді. Олармен тәрбие жұмысы үнемі жүргізіліп отырылады және көптеген жасөспірімдер жасаған істеріне өкінеді, – деп түсіндірді Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру