Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта Қазақстан аумағында жалған құжатпен жүрген шетелдік анықталды

Балқашта Қазақстан аумағында жалған құжатпен жүрген шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусым күні Балқаш қалалық Полиция бөлімінің көші-қон полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп қала төңірегінде «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шара барысында полицейлер 27 жастағы Әзербайжан Республикасы азаматының құжаттарын тексерді. Тексеріс барысында ер адамның Қазақстан аумағына уақытша келу туралы анықтамасына қойылатын мөрдің түп нұсқаға сай келмеуі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру